АҚЫНДЫҚ ТАЛАНТ ПЕН КӨРКЕМДІК ӨРНЕК
Мақалада алғаш рет Мұхтар Әуезовтің ақындығы, поэзияға жетік дарынды шайырлардың бірі болғандығы баяндалады. Ақынның ғылыми айналымға енбеген фольклордан бастау алған ақындық дәстүрінің ерекшелігі сомдалады. Оның дәлелді жауаптары беріледі. Мақаланың жаңалығы мен теориялық және ғылыми маңыздылығы тұңғыш рет М.Әуезовтің ақындығы туралы сөз қозғалуында. Жазушы қаламынан көптеген драмалық туындылар туса, соның көбі өлеңмен жазылған. Авторлар ақынның басты ерекшелігі өлең өнерін жетік меңгергені өз жанынан өлең шығарып, драмадағы тартысты терең жеткізе білуіне тоқталады. Өлеңдегі көркемдік өрнектерді ұтымды, шебер қолдана алуын сипаттайды. Ақындық ерекшелігін танытатын буын мен ұйқас мәселелері де қарастырған. Мақалада көркем мәтіндерді тақырыптық-жанрлық, көркемдік-стилдік ерекшеліктеріне қарай талдауда танымдық тұрғыдан концептуалды сұрыптау, салыстырмалы, қорыту, жинақтау әдістерін қолданған.
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · № 4, С. 112-120
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2707-9910 · 2788-7979
- Издатель
- Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov