Central AsianResearch Index

ЖАҢА ДӘУІР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ

Мақалада ХХІ ғасырдағы қазақ поэзиясының даму бағыттары жекелеген ақындардың шығармалары аясында қарастырылған. Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ поэзиясы күні бүгінге дейін толық зерттелмегені тақырыптың өзектілігін айқындайды. Қазіргі қазақ поэзиясына үлес қосып жүрген Қ. Бегманов, Қ. Қайранбай, Ж. Құрман, Б. Жылқыбекұлы, М. Құнапия, М. Сейтқазинов, Т. Дәлеров, Ж. Немеребай, С. Қамшыгер, Е. Қуатбекұлы, Б. Мырзақұлов, Ш. Талап, Р. Аспанқызы сияқты әр буын өкілдерінің шығармаларын салыстыра зерттей отырып ғылыми пайымдаулар жасалған. Зерттеу нысанына алынған ақындардың шығармаларынан ұлттық поэзияның мазмұны мен пішініндегі көркемдік ізденістер жан-жақты қарастырылған. Қазақ поэзиясында қалыптасқан дәстүрдің сабақтастығы мен жаңашылдық мәселесі әдеби талдаулармен жинақталған. Қазіргі поэзиядағы жалғыздық сарыны ақындардың өмір сүріп отырған қоғам өміріне, замандастарына деген наразылықтарымен дәлелденген. Ұлттық поэзия мазмұны мен пішіні жағынан толысқаны нақты шығармалармен жинақталған. Ұлттық поэзияның даму үрдістерін бағамдауда ақындардың шығармалары салғастырмалы, салыстырмалы әдіспен зерттелді. Зерттеу нәтижелерін филология, журналистика факультеттерінде жаңа дәуір әдебиетін оқытатын пәндерге қосымша материал ретінде пайдалануға болады.

Сведения

Опубликовано
2023 · № 4, С. 102-111
Язык
Казахский
ISSN
2707-9910 · 2788-7979
Издатель
Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov