Ә. НҰРПЕЙІСОВТІҢ «СОҢҒЫ ПАРЫЗ» РОМАНЫНДАҒЫ ОБРАЗДАР ГАЛЕРЕЯСЫ
Мақалада жазушы Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романындағы кейіпкерлер галереясын талдау мақсат етіледі. Қаламгер адамның көркем бейнесін жасауда кескін-тұлғасын, іс-әрекетін, мінезін сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін танытатын типтік сипаттарымен қатар өзінің басына ғана тән ерекшеліктерді де анық байқалатындай етіп суреттей білгені зерделенеді. Көркем бейненің типтік өзгешелігі қоғамдық өмірдің ішкі сырын, мәнін ашып беру үшін қандай қажет болса, оның даралық, жекелік сипат-белгілері адам тұлғасын бейнелеуде де орасан рөль атқаратындығын автордың жете тани білгені сараланады. Романның көркемдік сипаты ондағы кейіпкерлер бейнесінің сомдалуымен ашыла түсіп, кейіпкерлер ішінде Әзім мен Бәкизат арасындағы сезімдер тілге тиек етіледі. Әрі кейіннен Жәдігер – Бәкизат, қайтадан Әзім – Бәкизат желілері өзара үндестікте талданады. Кілт сөздер: парыз, бейне, портрет, тағдыр, Арал, адам.
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · Т. 2023, № 3, С. 74-87
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2707-9910 · 2788-7979
- Издатель
- Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov