ӘЙЕЛ КИІМІ МЕН ӘШЕКЕЙ БҰЙЫМДАРЫНЫҢ СИМВОЛДЫҚ МӘНІ
Мақалада қазақ тіліндегі сөз-символдар, яғни халықтың ұлттық киімі мен әшекей бұйымдарының символдық мәні, дәстүрдің тілдегі көрінісі талданады. Мақалада ұлттық киімнің символдық мәнін аша отырып, қазақ танымы айқындалады. Адам санасының дамуымен байланысты дүниетанымның тереңдеуінің нәтижесі болып табылатын ерекше танымдық белгі символ екені белгілі. Символдың қалыптасу тарихы тым арыда жатса да, бүгінгі күні “символ” ұғымының ауқымы кеңейіп лингвистика, философия, семиотика, психология, әдебиеттану, мәдениеттану т.б. ғылым салаларының негізгі нысанына айналған. Осыған байланысты символды тануда бір-біріне тәуелсіз түрлі көзқарастар бар. Соның бірі – символ өзінің алғашқы мазмұнын басқа бір мазмұнға форма беруде қолданатын таңба ретінде (бұл көптеген гуманитарлық ғылымдар философия, лингвистика, семиотика т.б.) кездесетін символды кең түрде түсіну. Мақалада авторлар осы бағытты құптай отырып, яғни ұлттық киімдер мен әшекей заттардың символдық мәнін анықтайды. Ұлттық киімді белгілі бір этникалық топтың негіздері, халықтың өмір салты мен дүниетанымы туралы ақпарат беретін дискурс деп алып, оның құрамдас бөліктерін лингвомәдени компоненттер ретінде алып қарастырады.Мақалада этникалық жадының терең қабатын, халықтың дүниетанымының архетиптерін, әр елдің даралығын қамтитын әмбебап мәдениет тілдерінің бірі дәстүрлі өнер түрі – зергерлік бұйымдардардың символдық мәні де талдауға түседі.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · № 3, С. 53-63
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2707-9910 · 2788-7979
- Издатель
- Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov