АБАЙ ӨҢІРІ ОНОМАСТИКАСЫНДАҒЫ АНТРОПОТОПОНИМДЕРДІҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Мақалада антропотонимдердің көп жағдайда белгілі бір жерді ұзақ уақыт мекен еткен адамдардың, қоғамдағы тарихи тұлғалардың, көшбасшылардың есімі негізінде қалыптасатындығы қарастырылады. Осыған орай, кісі есімінің жер-су атауына ауысуы белгілі бір тарихи кезеңде адамның сол жерді мекен етуімен тікелей байланысты болып табылатындығы мысалдармен жан – жақты талданады. Мақаланың мақсаты – Абай өңірі жер – су атауларының құрамында кісі есімі атауларынан қалыптасқан антропотопонимдердің басым келуі жерді меншіктеу, жер иесінің кім екенін нақты белгілеу мақсатында жасалған нақты қадам екенін анықтау. Сондай-ақ, бұл тұлғалар ұлт тарихында өзіндік сипатқа ие, аймаққа танымал, қоғамдық формацияға өзіндік үлес әкелген есімдер болып табылатындығын ашып көрсету. Олар тарихтың тереңіне үңілуге көмектесіп, қоғаммен, қоғамдағы саяси оқиғалармен тығыз байланыста болу арқылы өңір тарихында орын алады. Тарихта орын алған есімнің жер атауын беруі топонимнің тарихи негізін қалыптастырып қоймай, өңір тарихы мен жер-су атауларының арасына тығыз байланыс орнатады. Тарихта орын алған танымал тұлғалар атауларының өңір топонимиясында көптеп орын алуын өңір тарихында ақтабан шұбырынды кезеңінде орын алған елден кету, жерден айырылу оқиғасы себеп болғандығы мақалада баяндалады.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · № 3, С. 5-14
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2707-9910 · 2788-7979
- Издатель
- Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov