Central AsianResearch Index

ҚАЗАҚ, ТҮРІК ЖӘНЕ МОНҒОЛ ТІЛДЕРІНДЕГІ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ЛИНВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

Мақалада қазақ, түрік және моңғол тілдеріндегі мақал-мәтелдер тілдік тұрғыдан талданды. Қазақ-түрік мақал-мәтелдерін зерделеу барысында генеалогиялық және типологиялық жағынан туыстығын сипаттайтын белгілері анықталды. Туыс тілдердің мақал-мәтелдерінің лексикалық құрамы, семантикасы мен синтаксистік құрылымы жағынан ортақ белгілері сараланды. Сонымен қатар, қазақ-моңғол мақалдары салғастыра зерттеліп, лексикалық құрамы, семантикасы мен синтаксистік құрылымы зерттелді. Үш тілдіңмақал-мәтелдері бір, екі тармақты болып, баяндауыштары бұйрық рай, болжалды келер шақ, шартты рай тұлғасы арқылы жасалатыны анықталды. Нақты тілдік деректер негізінде талданды. Екі тілдегі мақал-мәтелдердің семантикасы лингвомәдени түсініктеме ретінде қарастырылды. Қазақ-түрік және қазақ-моңғол мақал-мәтелдерінің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін ашуда екі тілге ортақ, лексикалық құрамында өзгешелігі бар және лексикалық құрамы мен синтаксистік құрылымы өзгеше семантикасы сәйкес келетін мақал-мәтелдер анықталды.

Сведения

Опубликовано
2023 · № 3, С. 21-33
Язык
Казахский
ISSN
2707-9910 · 2788-7979
Издатель
Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov