Central AsianResearch Index

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Мақалада Қазақстан Республикасында ғылыми зерттеулердің сапасы мен нәтижелілігін қамтамасыз етудің ғылыми негізделген жүйесін әзірлеу бойынша зерттеулер жүргізу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға саралау жасалған. Еліміздегі ғылымды дамытуға бағытталған заңдар мен ережелердің орындалуы мен олардың жүзеге асуына кедергі келтіретін мәселелер де қарастырылды. Қазақстандық ғылыми зерттеулер мен оны коммерцияландырудың қазіргі тәсілдері сараланды. Болашақта қандай тәсілдер арқылы ғылымды коммерцияландыруға болатыны болжамдар арқылы берілді. Зерттеу барысында ғалымдардан алынған сауалнамалар талданды. Сауалнама қорытындысы бойынша ғылыми зерттеулерге байланысты ғалымдардың ой-пікірлері статистикалық саралау тәсілі бойынша кестеге түсіріліп, мақалаға материал ретінде пайдаланылды.

Сведения

Опубликовано
2023 · № 3, С. 179-187
Язык
Казахский
Цитирований
11
ISSN
2707-9910 · 2788-7979
Издатель
Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov