Central AsianResearch Index

ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ ҰЛТТЫҚ БРЕНДТЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Ұлттық бренд – ұлттың материалдық-рухани құндылығы, мәдениетінің бір бөлшегі, мемлекеттің имиджі. Кез келген ел үшін оның әлемде қалай қабылданатыны, оның жетістіктері мен сәтсіздіктері, мәдениеті, халқы, салт-дәстүрі, өндірілген тауарлары ұлттық бренд ретінде қалай көрінетіні аса маңызды. Бұл мәселе тілді үйретуде де үлкен мәнге ие. Ол үшін, алдымен, брендті анықтау, тілді оқытуда брендтерді қолданудың маңызын нақтылау қажет. Зерттеудің мақсаты – шетелдік студенттердің қазақтың ұлттық брендтері туралы аялық білімдерін анықтау арқылы ұлттық брендтердің тілді үйретудегі маңызын айшықтау. Бренд арқылы оқытудың тиімділігін негіздеу үшін эксперименттік жұмыстар жасалды. Ол үшін авторлардың түсірген бейнесабақтары қашықтан оқыту жағдайында Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ-түрік университетінде оқып жатқан шетелдік студенттерге ұсынылды. Мақалада жазылған мәліметтерді тіл үйрететін мамандар өз ұлтының болмысына сәйкес, ұлттық брендтерін пайдаланып, тілді оқытуға болады. Сонымен қатар шетелдік тіл үйренушілерге қолдану арқылы мәдениетаралық қатысымды жеңілдетуге болады. Зерттеудің болжамы – тіл үйретудің лингвомәдениеттанымдық бағытының мазмұнын құрайтын ұлттық бренд материалдарын қолдану және оны игертуде интербелсенді оқыту технологиясын қолдануға басымдық беру арқылы оқыту шетелдік білім алушының мәдениетаралық қатысымдық құзыреттілігін қалыптастыруда тиімді тәсіл боп саналады.

Сведения

Опубликовано
2023 · № 3
Язык
Казахский
Цитирований
10
ISSN
2707-9910 · 2788-7979
Издатель
Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov