Central AsianResearch Index

ҚАЗАҚ ЗАҢГЕРЛІК ДИСКУРСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Мақалада қазақ заңгерлік дискурсының қалыптасуына негіз болған дереккөздер сараланып,қ азақ заңгерлік дискурсының қалыптасуына негіз болған халқымыздың әдет-ғұрып нормалары қарастырылады. Олардың заңгерлік ерекшеліктері адамгершілік нормалары тұрғысынан ашылады. Қазақ даласындағы құқықтық мәдениеттің қалыптасуындағы билер рөлі мен қызметі анықталады. Қазақ заңгерлік дискурсында билік айтудың басты мақсаты әділ кесім жасау және екі жақты татуластыру ретінде зерделенеді. Қазақтың заңгерлік дискурсының қалыптасуына хандық дәуірдегі әдет-ғұрып нормалары, Дала заңдарына Шыңғыс ханның «Жасағы», Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы» және Тәуке хан дәуірінде қабылданған «Жеті жарғы» заңдары негіз болған. Қазақ заңгерлік дискурсындағы «Бітім», «Береке», «Салауат» ұғымдары әділ кесім жасаудың қоғамдық негіздері болды. Қазақ заңгерлік дискурсының мазмұнында ел бірлігін, адамгершілікті сақтауға бейімделген ережелер басым болды. Кілт сөздер: қазақ заңгерлік дискурсы, әдет-ғұрып нормалары, құқықтық мәдениет, дала заңы, би, билік кесім, билер соты.

Сведения

Опубликовано
2023 · Т. 2023, № 3, С. 14-21
Язык
Казахский
ISSN
2707-9910 · 2788-7979
Издатель
Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov