Central AsianResearch Index

АЛАШ ЖӘНЕ ТҮРКІЛІК ТАНЫМ

Мақалаға ХХ ғасыр басындағы түрк қоғамындағы ұлттық ояну, модернизация мәселесі, алаш арыстарының шығармалары арқау болған. Зиялылардың ұлттың ұлттық идентификациясын (қалыбы мен болмысы) сақтау, қорғау турасындағы көзқарастары мен ой, пікірталас қайшылықтары жан-жақты талданады. Мақалада алаштанушы-ғалымдардың ғылыми еңбектері басшылыққа алынып, пікірлері сараланады. Мақаланың негізгі мақсаты мен міндеті – Алаш әдебиетінен алаш мәселесін және қазақ ұлтшылдығының жарқын үлгісін анықтау. Алаш ұлт азаттық қозғалысын ұйымдастырған оқымыстылардың жаңа Қазақ мемлекетінің іргетасын қалағаны да сөз болады. Сонымен қатар Алаш қайраткерлері А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, М. Жұмабайұлы, С. Торайғыр шығармалараындағы «түркілік таным», оның мағынасы қандай деген сауалдарға жауап беріледі.

Сведения

Опубликовано
2023 · № 3, С. 130-140
Язык
Казахский
Цитирований
1
ISSN
2707-9910 · 2788-7979
Издатель
Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov