Т. ҚАЖЫБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ДІНИ ТАҒЫЛЫМ
Мақалада тіл арқылы халықтың ертедегі рухани байлығын зерттеу мақсатында қарымды қаламгер Төлеген Қажыбайдың «Аран» повесінде кездесетін діни лексика қарастырылады. Жазушы шығармасында кейіпкерлерді суреттеу, олардың іс-әрекеттерін көрсету, ашаршылық заман көрінісін бейнелеуде діни ұғымдарды ұтымды қолданған. Қаламгер повестегі кейіпкерлердің сол кезеңдегі жай-күйін, тұрмыс-тіршілігін қазақы дүниетаным мен ұстанымы арқылы суреттеген. Заманы қиын болса да кебінін кигізу, адамды жерлеу, көңіл айту, жаназасын шығару сияқты діни мәдениетті де ерекше көрсете білген. Осы тұста, мақалада «Аран» повесінен алынған үзінділерден дін, мәдениет, тіл ұғымдарының бір-бірімен тығыз байланыстығын байқауымызға болады. Автор қолданысындағы діни тілдік бірліктерге кірме сөздік, исламдық терминдер сөздігі, қазақ әдеби тілінің сөздіктерінен түсінік беріліп талданады.
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · № 3, С. 103-110
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2707-9910 · 2788-7979
- Издатель
- Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov