МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚЫРМАНДЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Мақалада мектеп оқушыларының оқырмандық құзіреттілігін қалыптастыру мәселесі қарастырылды. Мектеп оқушыларының кітап оқу іс-әрекетін дамыту ˗ Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі болып табылатындығы атап өтілді. Кітап оқу - білім мен рухани құндылықтарды беру мен меңгерудің бір формасы ретінде бүгінгі білім кеңістігінде айрықша мәнге ие екендігі тұжырымдалды. Сонымен қатар жеке тұлғаның қоғамда табысты болуына және бәсекеге қабілеттілігінің жалпы деңгейіне әсер ететін мәселе екендігі көтерілді. Мақала негізінде мектеп мұғалімдеріне оқушылардың оқырмандық іс-әрекетін дамытудағы қазақ әдебиеті сабағының орны, тиімді әдіс-тәсілдері жүйеленіп ұсынылды. Мұғалімге оқушыларды дербес жұмыс істеуге ынталандыру іс-әрекеттері түрлерін ойлау мен мектеп оқушыларының жекелеген ерекшеліктері мен қызығушылықтарын ескеру маңызды екені туралы ой тұжырымдалды. Бұл әр оқушының әдеби оқылымдар бойынша сабақтан тыс жұмыстарға қатысуына қызығушылығын арттыруға ықпал ететіндігі қарастырылды. Оқудың бірнеше түрлері ұсынылып, әрқайсысының өзіндік сипаты берілді.
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · № 2, С. 85-93
- Язык
- Казахский
- Цитирований
- 1
- ISSN
- 2707-9910 · 2788-7979
- Издатель
- Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov