Central AsianResearch Index

«ҚАЛАЛЫҚ МӘТІН» ТЕРМИНІ ИНТЕРПРЕТАЦИЯСЫНЫҢ РАКУРСТАРЫ

«Қалалық мәтін» ұғымы кешенді әрі көпқырлы болғандықтан күні бүгінге дейін ғылымда бұл терминнің нақты анықтамасы қалыптаспаған. Аталған мақалада әдебиеттегі урбанизм, қалалық мәтіннің көркем кодтары (табиғи және мәдени бейнелер, уақыт пен кеңістікті, олардың шектілігі пен созылыңқылығын бейнелеу тәсілдері, адамдардың тегі мен аттары, топонимдер, метабейнелеу элементтері, жалпы лексикалық-ұғымдық сөздік), қалалық мәтіндегі хронотоп мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар қалалық мәтінде концепт, мотивтер мен сюжеттердің бірлікте қарастырылатындығы ғылыми зерттеулермен дәйектелген. Зерттеудің әдіснамасы ретінде Н.П. Анциферов, Ю.М. Лотман, В.Н. Топоров, К. Линч, Н.В. Шмидт, Н.А. Кожевникова, Н.В. Корниенко, М.А. Селеменева, Н.Д. Арутюнова және т.б. ғалымдардың еңбектері негізге алынған. Сондай-ақ, әдеби шығарманың көркемдік әлеміндегі қалалық мәтін мен қалалық дискурс ұғымдарының арақатынасы мәселесі де айқындалған. Себебі урбанистік дискурста дүниеге келіп, соның нәтижесі болып табылатын қала мәтіні онымен құрылымында көрінетін сабақтас байланыста болады деп айқындалған. Зерттеу нәтижесінде алынған тұжырымдарды жоғары оқу орындарында әдебиет теориясы мен поэтикасы сияқты теориялық курстарды оқытуда, арнаулы курстар мен семинарларда, қазіргі әдебиеттанудағы жаңа бағыттардың қалыптасуын зерттеуде пайдалануға болады.

Сведения

Опубликовано
2023 · № 2, С. 70-77
Язык
Казахский
ISSN
2707-9910 · 2788-7979
Издатель
Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov