ҚАЗІРГІ АЙТЫС МАҚАМЫ (Б.ӘЛІМЖАНОВ АЙТЫСТАРЫ НЕГІЗІНДЕ)
Мақалада қазіргі айтыс өкілдерінің көрнекті өкілі, ақын, сазгер, драматург, манасшы Б.Әлімжановтың айтыстағы ақынның өзіне тән мақамы, әні мен ажары, көркі мен келісімі, ырғақ үні мен дыбыс үйлесімі, ұйқас өрімі мен интонациялық өрнегін танытуға бағытталған. Мақаланың мақсаты қазіргі айтыстың тіл табиғатын, сөздер қорын, өлең әуезделігін, сөз үйлесімдігін зерттеу. Сонымен қатар айтыстың экспрессивтік – мағыналық мәнін анықтау болып отыр. Қазіргі айтыстың белді өкілі Б.Әлімжанов айтыстары негізінде халық ақындарының өлең сөзді кеңірек толғап айтып, сөзге қанат бітіріп,ырғақтық және интонациялық жағынан құлпырту мәнері сипатталған. Мақала ҚР ҒжЖБ министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруымен жүзеге асырылып жатқан AP19574645 «Қазіргі айтыстың типологиясы мен поэтикасы» атты жобасы аясында жазылған.
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · № 2, С. 61-70
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2707-9910 · 2788-7979
- Издатель
- Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov