М. ӘУЕЗОВ ПЕН Э. ХЕМИНГУЭЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТАБИҒАТ ПЕН АДАМ КОНЦЕПТ КАТЕГОРИЯЛАРЫ
Мақалада қазақ жазушысы М. Әуезов пен америкалық жазушы Э. Хемингуэй шығармаларындағы табиғат пен адам концепт категорияларының берілуі туралы мәселе қарасырылған. Қос классик жазушының шығармаларындағы концептілердің макро және микро түрлері талданып, шығармаларынан мысалдар келтіріліп, ерекшеліктері сараланып берілді. Сонымен қатар, концепт терминінің көркем шығармаға қатысты талдануы, зерттелуі біршама сараланып берілді. Мақалада концептілердің құрылымдық ерекшелігі мен оның жазушы зерханасымен тікелей байланыстылығы және ұлттық дүниетаным аясында қарастырылатыны дәйектеліп берілді. Табиғат пен адам қарым-қатынасы туралы туындыларда көбіне табиғаттың адамға әсері және сол арқылы адам болмысының көрінуі берілетіні белгілі. Жазушылардың табиғат суреті мен адам жан дүниесіндегі тартыстарды беру арқылы рухани экология мәселесін де көтергені дәйектелді. Макро концепт ұғымын талдау арқылы ұлттық дүниетанымның жазушы шығармашылында қалыптасу жолдары қарастырылды.
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · № 2, С. 42-48
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2707-9910 · 2788-7979
- Издатель
- Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov