КӨРКЕМ МӘТІНДЕГІ АВТОР МОДАЛЬДЫЛЫҒЫ, АВТОР БЕЙНЕСІ ЖӘНЕ ТІЛДІК ТҰЛҒА КАТЕГОРИЯЛАРЫ
Тіл білімінің бүгінгі даму деңгейі тұрғысынан саралағанда адам факторының тілдегі көрінісі, яғни тілдік тұлғасы деген мәселелер өте өзекті. Мақалада көркем мәтінді ұйымдастырушы категориялардың ішінде ең маңыздылары – мәтін модалдылығы және автор бейнесі категориялары талданады, әрі тілдік тұлға мәселесі қарастырылады. Зерттеу әдістері ретінде мәтінді кешенді талдау әдісі, яғни сипаттамалық, семантика-стилистикалық, контекстік әдіс қолданылды. Автор бейнесі көркем шығармада тілдік құралдар арқылы жасалады, бірақ ол оқырман санасында туындайды. Мәтін модальдылығы автордың мәтіндегі хабарланған жайға қатынасы, көзқарасы, ұстанымы, оқырманға жеткізуге бағытталған өзіндік құндылықтары ретінде анықталады. Көркем мәтінде мәтін модалдылығы лексикалық, грамматикалық, синтаксистік және прагматикалық құралдар арқылы жүзеге асады. Зерттеу жұмысының материалы ретінде қазақтың заңғар жазушысы Ә.Кекілбаевтың "Аңыздың ақыры" романы алынды.
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · № 2, С. 4-12
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2707-9910 · 2788-7979
- Издатель
- Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov