ҚАЗІРГІ ЛИНГВИСТИКАДАҒЫ ДИСКУРС ҰҒЫМЫ
Мақалада қазіргі тіл біліміндегі дискурс ұғымы түрлі аспектідегі зерттеу призмасында қарастырылып, оның терминдік мағынасының семантикалық өзгеру динамикасы анықталып, олардың өзіндік ерекшеліктері сараланады. Қазіргі лингвистикада дискурстың барлық қырын қамтитын нақты және жалпыға бірдей танылған анықтамасы болмағандықтан, дискурс пәнаралық ғылыми нысан ретінде қаралып, әр ғылым мен ғылыми бағыт өз пәнінің ерекшелігіне байланысты зерттеліп, әртүрлі интерпретацияланатындығы туралы айтылады. Дискурс ұғымының анықтамасы лингвистика, антропология, әдебиеттану, этнография, әлеуметтану, социолингвистика, философия, психолингвистика, когнитивтік психология және басқа да бірқатар ғылыми пәндерде қарастырылып жүргені сараланып, дискурс терминінің сан түрлі анықталуы мен оның гуманитарлық білімнің әртүрлі салаларында қолдануы терминнің мәні мен мағынасын түсіндіруге әртүрлі көзқарастар тудыратындығы туралы сөз болады. Сондықтан дискурс ұғымын анықтауда коммуникативтік, құрылымдық-синтаксистік, құрылымдық- стилистикалық және әлеуметтік-прагматикалық зерттеу аспектілері басшылыққа алынады. Осы бағыттарды зерттеу нәтижесінде дискурстың бір жағы қарым- қатынастың типтік жағдайларына яғни прагматикаға, екінші жағы қарым-қатынасқа қатысушылардың санасында болып жатқан когнитивтік үдерістерге, ал үшінші жағы мәтінге бағытталғандығы анықталды. Бұл дискурсты үдеріс ретінде және мәтін түрінде де тануға мүмкіндік береді.
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · № 2, С. 12-21
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2707-9910 · 2788-7979
- Издатель
- Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov