Central AsianResearch Index

ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРТУДЕ ДЕҢГЕЙЛЕП САРАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ РӨЛІ

Бұл мақалада деңгейлеп саралап оқыту технологиясының принциптері жағдайында тілдің даму бағдары анықталып, өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп тілге деген құштарлығын арттыратын, өзін-өзі тәрбиелеуші, қалыптастырушы тұлға туралы және деңгейлеп саралап оқыту технологиясымен орындаған тапсырмалардың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік беретін жұмыстар, оқытудың жаңа технологияларын сабаққа енгізудің, жас ұрпаққа заман талабына сай тіл үйретуде білім алушының шығармашылықпен жұмыс істеуі, үлкен ізденісте болуы, осындай сұраныстарға орай оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, тәжірибеге енгізілуі, оқытудың жаңа технологияларын күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін әр оқытушы өзінің алдында отырған тіл үйренушінің жас ерекшеліктерін ескеріп, педагогикалық мақсат-мүддесіне сай, өзінің шеберлігін көрсету, жаңа технологияны жүзеге асыруда білім алушының белсенділігі, шығармашылық белсенділігі, шығармашылық ізденісі, жалпы педагогика ғылымында тілді үйретуге тәрбиелеудің мақсаты-қазіргі қолданыстағы озық технологиялардың ең тиімді үлгілерін пайдалану қарастырылған. Сонымен қатар деңгейлеп-саралап оқыту технологиясымен орындаған тапсырмалар жүйесі, жаңа технологияның жаңа мақсаты бойынша «Оқытуды іздендіруге» қажет материалдармен жұмыс, өздігімен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай құралдар болуы керектігі, Ж.А.Қараевтың “Деңгейлеп саралап оқыту технологиясын” басшылыққа ала отырып, тіл үйренушінің білімге деген құштарлығы, ынтасы артқанын, еркін сауатты сөйлеуге, өз ойын жинақтап ашық айтуға немесе дәлелдеуге, ұсыныс, пікір білдіруге, ой қорытуға дағдыланатындай пікір айтылады. Сабақ барысында жұмыс түрлері беріліп, тиімді технологияларды ұтымды пайдаланып, әр түрлі әдіс-тәсілдерді үздіксіз қолданған туралы да тілге тиек етілген.

Сведения

Опубликовано
2023 · № 1, С. 76-89
Язык
Казахский
ISSN
2707-9910 · 2788-7979
Издатель
Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov