М. ӘУЕЗОВТІҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН-ЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ ҚҰНАНБАЙ ОБРАЗЫНЫҢ СОМДАЛУЫ
Мақалада М. Әуезовтің еңбектеріндегі Құнанбай жайлы деректер бұрынғы-соңғы зерттеулермен байыппен салыстырылып, роман-эпопеядағы Құнанбай бейнесі тарихи шындық пен көркемдік шешім тұрғысынан зерделеніп, тарихи түптұлға мен кейіпкер мәселесі пайымдалады. Құананбай образын жасаудағы М. Әуезовтің шеберлігі әлем әдебиеті классиктерінің поэтикалық тәжірибесімен салғастырыла-салыстырылып, тарихи шындық пен әдеби көркем шындық арасындағы өзара байланыс және айырмашылықтың арақатынастары айқындалып, аналитикалық және синтездік сипатта талданады. Еңбекте сонымен қатар, Құнанбайдың өмірі мен қызметі өз заманының шындықтарымен сабақтастықта, жан-жақты кешенді түрде зерттелініп, сол заманның ерекшеліктері, олардың Құнанбайдың тіршілк болмысына еткен әсері, сол дәуірдегі патша шенеуніктерінің Құнанбай жөніндегі таным-пікірлері, ой-толғамдары да қарастырылады. Келтірілген деректер мен Құнанбай, оның замандастары туралы әңгімелердің эпопеяда суреттелу, көрініс табу жолдары, өмір шындығы көркемдік шындыққа айналдырудағы, автордың шығармашылық психологиясы, кейіпкердің характерін ашудағы жазушы шеберлігіне көркем мотивировкасы мен себептеріне баса назар аударылады.
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · № 1, С. 25-35
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2707-9910 · 2788-7979
- Издатель
- Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov