АМЕРИКАЛЫҚТАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазіргі таңда өзге ұлт өкілдерімен қарым қатынас орнату, шетелге шығу, шетелдіктердің елімізге қандай да бір мақсатпен бару\келу барысында орын алатын ерекшеліктер мен қызықты жайттар жиі кездесіп жүргені анық. Әр ұлттың өзіне тән құндылықтары, ерекшеліктері коммуникация барысында көрініс табады. Өзге елге келгенде алғашқы әсер әр ұлтқа әртүрлі түсінік қалыптастырады. Бұл сөйлеу барысындағы әрекет қана емес, сонымен қатар ым-ишара арқылы да жүзеге асатыны белгілі. Мақалада басты қарастырылған мәселе америкалықтардың қарым-қатынас барысындағы мінез-құлық түрлері және тілдік, оның ішінде вербалды да, бейвербалды ерекшеліктері жинақталып, қарастырылды. Коммуникация барысында қазақстанға келген америкалықтарда болатын мәдени шок, коммуникативті шок алуының себептері мен жағдаяттарын жинақтау арқылы талдаулар жүргізілген. Коммуникативті мінез-құлықтың жалпылама, яғни қарым-қатынас барысындағы алғашқы ортақ әрекеттерге байланыстылығында. Себебі, тіл үйрену барысында да, алғашқы коммуникация орнату барысында да мұндай жайттарды ескеру ары қарай коммуникацияның орнауына және зерттеуге көп септігін тигізеді.
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · № 1, С. 11-17
- Язык
- Казахский
- Цитирований
- 1
- ISSN
- 2707-9910 · 2788-7979
- Издатель
- Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov