Central AsianResearch Index

ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ЖЫЛҚЫ ОБРАЗЫ

Қазақ әдебиетінде әңгіме жанры сюжеттік құрылысымен, оқиғаны баяндау тәсілімен, жанрлық ерекшеліктерімен, композициялық, құрылысымен, көркемдік жүйесімен дара жанрға айналғаны анық. Бұл шағын жанрдың көлемі шағын, кейіпкер саны шектеулі, сюжетті құрайтын оқиғасы азшылық еткенімен өзекті мәселелерді дөп басып жеткізе алатын ерекшелігі бар. Солайша әңгімеде адам өмірі мен тағдыры, басты қозғалған проблема жинақы беріледі. Әңгіме жанрында, оның ішінде қазіргі қазақ әдебиетінде жылқы бейнесі көптеп ұшырасады. Жылқы образының қазақ әдебиетінде көптеп кездесуі де бекерден-бекер емес. «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деген көшпелі халқымыз төрт түліктің ең қадірлісі жылқы малы деп білген. Бұл құбылыс халықтың ежелден бастау алған көшпелі тұрмыс салтымен де, мифологиялық, космогониялық дүниетанымымен де байланысты. Мақалада қазақ әңгімесі жанрында қалам тербеген Мұхтар Мағауин, Нұрғали Ораз, Айзат Рақыш сынды қаламгерлердің әңгімелеріндегі жылқы образы талданып, кейіпкерлер болмысы, мінезі қарастырылды. Талданған әңгімелер аудионұсқада, ғаламтор бетінде көп оқырманның ыстық ықыласына ие болған туындылар болып табылады.

Сведения

Опубликовано
2022 · № 4, С. 52-60
Язык
Казахский
ISSN
2707-9910 · 2788-7979
Издатель
Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov