Central AsianResearch Index

МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ӘДЕБИ ПСИХОЛОГИЗМ

Мақалада қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаевтың прозасы нысанға алынады. Шығармадағы кейіпкерлер болмысы, автордың жеткізбек ойы, жалпы прозадағы психологизм мәселесі, психологизм тақырыбында жазылған ғылыми-зерттеу еңбектеріндегі теориялық ойлармен астаса қарастырылады. Жалпы қазақ әдебиетінде «әйел болмысы» тақырыбында жазылған шығармалар көп кездеседі. Сондықтан да мақалада «ер адам психологиясына» қарағанда, «әйел адам психологиясын» боямасыз сипаттай білген жазушының өзіндік жеткізу тәсіліне, әдеби суреттеу шеберлігіне баса назар аударылады. Сонымен қатар автор шығармаларындағы психологизм мәселесі қаламгердің қоғамдық формацияға деген көзқарасы өз кейіпкерлерінің іс-әрекеті негізінде сараланды. Автордың әр кейіпкерлер характері сюжеттік желі арқылы ашылады. Әрі іс-әрекеттері олардың ішкі жандүниесінің арпалысын танытатыны байқалды.

Сведения

Опубликовано
2022 · № 4, С. 31-45
Язык
Казахский
ISSN
2707-9910 · 2788-7979
Издатель
Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov