ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫН ЛЕММАЛАНДЫРУ ӨЛШЕМДЕРІ
Мақалада еліміздің жер-су атауларын леммаландыру, атаулардың негізгі түбір сөзден айырмашылығын ажырату және сөздіктерде берілу өлшемдері туралы түсінік беріледі. Лемма – ғылыми метатілде сөздің түбірі болып саналғанымен, әр елде тілдің қасиетіне, өзгешелігіне қарай әр түрлі күйде беріледі. Сондай-ақ, леммалау үдерісі барлық тілде бірдей қолданылмайды. Қазақ тіліндегі топоним атауларының леммалануы тіліміздің ерекшелігіне байланысты топонимдердің аталуы себептері мен жер сипатына қарай атаудағы қай сөздің әсері мол болып тұруымен байланысты болады. Лемма мен сөз түбірін ажыратудың нақты белгісі – жер атауына қай сөздің мағыналық жағынан сәйкес келуі және қандай сөздің әсерінен жасалуын анықтау болып табылады. Мақала Қазақстанның кейбір өңірлеріндегі жер-су атауларының леммасын табу және белгілерін анықтауға арналған.
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · № 4, С. 12-17
- Язык
- Казахский
- Цитирований
- 1
- ISSN
- 2707-9910 · 2788-7979
- Издатель
- Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov