Central AsianResearch Index

ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ БАЛА ӘЛЕМНІҢ БЕЙНЕСІ

Әңгіме жанры туралы, оның ішінде қазақ балалар әңгімелері жайында кеңінен зерттелмеген тақырып деуге келмейді, осы кезеңге дейін талай-талай құнды еңбектердің жазылғандығы белгілі. Алайда аз ғана уақыт бұрын табалдырықтан аттаған ХХІ ғасырдың алғашқы ширегінде жазылған жаңа ғасыр әңгімелері зерттеу еңбектерінде ғана емес, баспасөз беттерінде де көп сөз етіле қоймаған. Мақалада талданған әңгімелер 2000 жылдан күні бүгінге дейін жазылған, басым көпшілігі әлі ғылыми айналымға түсіп үлгермеген. Осы тұрғыдан алғанда мақала бүгінгі күн тақырыбын жаңаша көзқарас, тың пікір тұрғысынан талдаған, өзіндік бағыт-бағдары бар еңбек болып табылады. тарауға топтастырыла қарастырылуы ғылыми жұмыстың жаңалығын танытады. Мақалада қазақ әңгімесі жанрында қалам сілтеген аға және орта буын жазушыларының соңғы жылдары жазылған жаңа әңгімелері мен, жас қаламгерлердің тырнақалды дүниелері ғылыми тұрғыдан талданып, қазақ балалар әңгімелерінің ілгерілеу, даму мәселелері қарастырылды. Әңгімелер авторларының эстетикалық өре деңгейлері мен дүниетанымы, көркемдік ізденістері, аға буын өкілдері шығармашылықтарындағы жаңа ғасыр жаңалықтары мен жастардың әдебиеттегі аяқ алысы сараланды

Сведения

Опубликовано
2022 · № 3, С. 82-90
Язык
Казахский
ISSN
2707-9910 · 2788-7979
Издатель
Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov