ЖҰМБАҚ ЖАНРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Тәрбие тал бесіктен басталады. Халқымыздың баға жетпес асыл құндылығы ана тіліміз арқылы ел болашағы кішкентай балаларымыздың бойына ұлттық болмысымыз, дүниетанымымыз, салт-санамызды дарытып, еліне деген құрметті, сүйіспеншілікті қалыптастырамыз. Бұл ретте, баланың ой-өрісін кеңейту, байқағыштық қабілетін дамытумен қатар сөздік қорын байытатын жұмбақтардың маңызы ерекше. Жұмбақ – белгілі бір зат немесе құбылыстың атын атамай, соған ұқсас өзге зат не құбылыстармен салыстыра, ұқсата отырып, көркем тәсілдерменжеткізетін, адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіретін, күннен-күнге дамып келе жатқан халық ауыз әдебиетінің үлгісі. Мақалада жұмбақтарда кездесетін көркемдегіш құралдар, олардың берілу жолдары, сонымен қатар жұмбақтардың ұлттық сипаты, бала тәрбиесінде алатын орны туралы айтылған.
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · № 3, С. 75-82
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2707-9910 · 2788-7979
- Издатель
- Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov