Central AsianResearch Index

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕНЕСАРЫ ХАН МЕН НАУРЫЗБАЙ БАТЫРДЫҢ БЕЙНЕСІ

Мақалада қазақтың соңғы ханы Кенесарының қолбасшылығы, әскерінің береке[1]бірлігін ұйытып, даңқын шығарған оның батырларының бейнесі талданды. Кенесарымен бірге олар да суыққа тоңып, ыстыққа күйді, көтерілістің барлық ауыртпалығын арқалағаны көрсетіледі. Кенесары–Наурызбай бастаған ұлт-азаттық көтеріліс бүкіл халықты рухтандырған, талай батырды тарих сахнасына шығарғанын анықтадық. Бұл зерттеуде халық жырларының, ақындардың, жазушылардың көркем туындыларындағы Кенесары ханның бейнесін басқа зерттеушілердің зерттеулерімен Кенесары образына әдеби талдау жүргізілді. Талдау жасаған жырларда батырлардың кейде Кенесарымен бірге жүріп атқарған ерлік істері баяндалса, енді бірде батырлардың жеке-дара жүріп басынан өткерген айрықша бір оқиғалары баяндалады. Мәселен Бұғыбай батырдың ерлігі қырғыз халқының алдындағы Алатаудың бөктерінде бекіністі алуда ерекше көзге түседі. Қазақ әдебиеті тарихы Кенесары ханды жанкешті, елі мен жерінің азаттығы үшін шыбын жанын тәрк еткенін, қасындағы қас батырларымен жеңіске де, жеңіліске де бірге жеткенін суреттейді. Кенесары, Наурызбай бастаған көтерілістің тарихи шындығы ғана емес, олар туралы айтылған, жазылған шығармаларды жан-жақты талдап, талқылаудан өткізіп, еркіндікке ұмтылған санамыздың рухани серпілісін жаңашылдықпен қарауға мүмкіндік жасадық. Кенесары отаршылдыққа қарсы жаппай көтерілісінің айқын саяси сипаты және оның қазақ тарихындағы рөлі туралы ғалымдардың пікірлері берілген.

Сведения

Опубликовано
2022 · № 3, С. 68-75
Язык
Казахский
ISSN
2707-9910 · 2788-7979
Издатель
Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov