Central AsianResearch Index

ЖАСТАРДЫҢ МАШЫҚСЫЗ СӨЙЛЕНГЕН СӨЗДЕРІНІҢ ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (НУ және СДУ студенттерінің сөзіне талдау)

Жас ұрпақтың тілі алдыңғы буынның тілін қайталайды және тілдің жалпы даму заңдылығы бойынша қысқартылады, үнемделеді. Ал басқыншы тілдің шылауында болса, сол тілдердің ықпалына ұшырайды. Көптілділік кеңістігі кеңейіп жатқан бүгінгі әлемде бұл жиі кездесетін құбылысқа айналды. Осыған орай мақалада бүгінгі қазақ жастарының тілі алдыңғы буынның тілін қалай қайталай қолданатынын және жалпы тілдердің даму заңдылығы бойынша қалай қысқартылып, үнемделіп отырғанын, сондай-ақ басқыншы орыс, ағылшын тілдерінің шылауымен қандай оң және теріс өзгерістер, үдерістер жүріп жатқанын зерттеу үшін еліміздің таңдаулы жоғары оқу орындары – Назарбаев университеті мен Сүлейман Демирель университеті студенттерінің машықсыз сөйленген сөздеріне талдау жасалды. Кешенді талдауда студенттердің әлеуметтік мәртебесі, мамандығы, тілдік және білім алған ортасы есепке алына отырып, алдын ала берілген ортақ тақырыпқа қатысты еркін сөйлеу алаңындағы сөздері қарастырылады. Талдау тақырыптың жалпы ашылу мазмұны мен әр сөйлеуші студент сөзінің құрылымын қоса ала отырып жасалады. Және сөз синтаксистік, фонетикалық, морфологиялық тұрғыда талданады.

Сведения

Опубликовано
2022 · № 3, С. 4-19
Язык
Казахский
ISSN
2707-9910 · 2788-7979
Издатель
Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov