СӨЗ БЕН ШЕБЕРЛІКТІҢ ҰСТАСЫ − ТӨЛЕГЕН ҚАЖЫБАЙ
Мақалада Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, Ахмет Байтұрсынов атындағы сыйлықтың иегері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иесі, Көкше өңірінің айтулы қаламгері – Төлеген Сыздықұлы Қажыбайдың «Аран» повесі тілдік тұрғыдан зерттеліп, автордың сөз қолоданыс ерекшелігі талданады. Мақаланың негізгі бөлімінде халықтың ұлттық болмысын танып білу мақсатында қолданылатын этнолингвистикалық этюдтер, халық танымынан туған көне атаулар – этнографизмдер, халықтың мәдениетімен байланысты түр-түстану – колоративті лексикаға байланысты теориялық дәлелдер мен деректер қарастырылады. Сонымен қатар, «Аран» повесіндегі байырғы сөздер, халық танымындағы ұлттық өлшем бірліктері талданып, этномәдени лексика сараланады.
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · № 3, С. 32-40
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2707-9910 · 2788-7979
- Издатель
- Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov