Central AsianResearch Index

ТІЛШІ-ҒАЛЫМ А. ӘБДІРАХМАНҰЛЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ МҰРАЛАРЫ

Әр өлкенің біртуар азаматтарын кейінгі ұрпақ біліп өсуі тиіс. Осы идея негізінде Көкше өңірінен шыққан тілші-ғалым Айтым Әбдірахманұлы Әбдірахмановтың ғылыми еңбектерін ғылым сүйер жастарға рухани мұра ретінде таныту арқылы дәстүр жалғастығы мен тарих сабақтастығын жаңғырту өз кезегінде өзекті мәселелердің бірінен саналады. Мақалада ғалымның қазақ терминологиясының дамуына қосқан үлесі сөз болады, осы саладағы мақалаларына талдау жасау арқылы ана тілінің жанашыры ретіндегі азаматтық тұлғасы дараланады. Лексикологияның бір саласы – топонимикаға қатысты мақалалары тақырып жағынан топтастырылады, монографиялары зерделенеді. А. Әбдірахманұлының қазақ топонимикасын алғаш зерттеген ғалым екендігі тұжырымдалады. Қазақстан жер-су атауларының этимологиясына қатысты пікірлері талданады. Ғалым еңбегіндегі қазақ топонимдері жасалу кезеңдеріне қарай сараланады. топонимдер туралы тұжырымдарының танымдық аспектілері талданады. Ғалым еңбектерінің мәні ұлттың ұлттық белгісі, рухани тұғыры – тілді ғылыми тұрғыда зерттеуімен тереңдей түсетіні түйінделеді.

Сведения

Опубликовано
2022 · № 3, С. 19-31
Язык
Казахский
ISSN
2707-9910 · 2788-7979
Издатель
Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov