БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ
Мақалада білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың тиімді әдістері қарастырылады. Бұл тақырып қазіргі өзекті мәселелердің қатарына жатады әрі қатысымдық бағдарлы оқытумен тығыз байланыста қаралады. Қатысымдық бағдарлы оқытудың мақсаты – оқытылатын тілдің грамматикасы мен лексикасын игерту ғана емес, сол тілде қарым-қатынас құзыреттілігін қалыптастыру, ұсынылған тақырып аясында тілді қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануға қажетті дағдыларды игерту. Бұл оқыту түрі білім алушыларды тілді шынайы өмірде қолдануға бейімдейді. Яғни, қатысымдық бағдарлы оқытуда белгілі бір тіл туралы білім берілмейді, керісінше сол тілді қолдана отырып, қарым-қатынас жасау көзделеді, тілдік коммуникация жүзеге асады. Сондықтан білім алушылар тілдік формаларды біліп қана қоймай, оларды нақты қарым[1]қатынас мақсатында қалай қолдану керектігін үйренулері керек. Осы орайда, коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырудың тиімді әдістерін анықтау мақсат етілді. Бұл мақсатқа жету үшін мақалада бірқатар міндеттер орындалды, атап айтқанда: «құзыр», «құзырет», «құзыреттілік» ұғымдарына талдау жасалды; «коммуникативтік құзыреттілік» мәселесі қарастырылды; осы мәселені терең қарастыруға көмектесетін ғылыми-әдістемелік құралдардың тізімі қолданылды; талдау, жинақтау, салыстыру әдістері пайдаланылды. Нәтижесінде коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырудың әдістері анықталды. Осы ретте, білім алушылaрға алған білімдерімен жұмыс істеуге, оны одан әрі дамытуға және дағдыларын жетілдіру үшін коммуникативтік әдістерді көбірек қолдануға мүмкіндік беру маңызды деп танылды.
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · № 2, С. 91-101
- Язык
- Казахский
- Цитирований
- 2
- ISSN
- 2707-9910 · 2788-7979
- Издатель
- Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov