БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫҢ «ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ» ОҚУЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Бұл зерттеу жұмысының мақсаты– бастауыш сыныптың «Әдебиеттік оқу» оқулықтарындағы толеранттылық идеясының қолданылуын анықтау. Мақалада толеранттылық ұғымына түсінік беріліп, толеранттылық идеясын зерттеген ғалымдардың еңбектеріне талдау жасалынды. Татулықты, төзімділікті, ынтымақтастықты, кішіпейілділікті білдіретін толеранттылық идеясы «Әдебиеттік оқу» оқулықтарында қолдану аясы жан-жақты қарастырылды. Зерттеу әдісі ретінде құжаттарды талдау әдісі жүргізілді. Мәліметтер мен ақпараттарды жинау құралы ретінде бастауыш сыныптың оқулықтары мен теориялық зерттеулер негізінде алынды. «Әдебиеттік оқу» оқулықтарындағы толеранттылықты жалпы қарастырып, оқулықта берілген тақырыптардың тәрбиелеу идеясы қандай? деген сұрақ төңірегінде зерттеу жасалынды. Зерттеу нәтижесінде «Әдебиеттік оқу» оқулықтарында толеранттылық тәрбие беру мақсатында жазылған мәтіндер, ертегілер, әңгімелер т.б. тақырыптары анықталды. Оқулық бойынша толеранттылыққа бастайтын тапсырма түрлері көрсетілді. Осының негізінде толерантты тұлға болып қалыптасуында «Әдебиеттік оқу» оқулығының маңыздылығы дәлелденді.
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · № 2, С. 81-90
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2707-9910 · 2788-7979
- Издатель
- Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov