Central AsianResearch Index

Т.АХТАНОВ ДРАМАЛАРЫНДАҒЫ АДАМ КОНЦЕПЦИЯСЫ

Мақалада Т.Ахтановтың «Сәуле» пьесасындағы түпқазық кейіпкер Сәуле бойынан бүгінгі замандас сипаттарымен қоса, иісі қазақ әйеліне тән бірталай қырларды көрсеткені талданады. Пьесаның етек-жеңі жинақы, композициясы ширақ, тартысқа қатысатын адамдар он шақты ғана. Драматургтің сахна заңдылығын, театр талаптарын ескергендігі де аңғарылады. Автор адамдарды отырғызып қойып, ұзақ сонар тәжікелестіретін, сөз туғызатын кінаратқа бойын аудармай, шағын әрекетті көріністерді ауыстырып отырады. Сонымен қатар Сәуле мен Сырдақ арасындағы тартысқа қатысты оқиғаның өрбу реті мен қызметкердің қазіргі типі деген өзекке шынайылықпен ойысып отырғанын байқаймыз. Т.Ахтановтың ендігі бір драмасы «Махаббат мұңы» атты пьесасындағы жаңа ғана шешек атып келе жатқан балауса қыздың жан сезімін суреттеудегі шеберлігі туралы да сөз болады. Жалпы қазақ драматургиясындағы халық жүрегінен берік орын алған, классикалық туындылардағы махаббат сценалары негізінен романтикалық ыңғайда, көтеріңкі лепте жазылғанын да қаламгер ерекше үлгіде жеткізе алған.

Сведения

Опубликовано
2022 · № 2, С. 73-80
Язык
Казахский
ISSN
2707-9910 · 2788-7979
Издатель
Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov