Central AsianResearch Index

ТҰРСЫНБЕК КӘКІШЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Мақалада ғалым, сыншы, әдебиеттанушы Тұрсынбек Кәкішевтің шығармашылығына ізденіс жасалады. Ғалымның саналы ғұмырын сарп еткен ғылым жолындағы ізденісі терең де көлемді. Ол әдебиеттану ғылымына өлшеусіз үлес қосып, архивтік тарихи деректерге сүйеніп, зерттеу еңбектерінде ақиқатты негізге алды. Оның ғалымдық болмысының ерекшелігі де сонда. Ғалымды зерттеушілер Тұрсынбек Кәкішев еңбектерін ұлтшылдық, Сәкен, Сәбит, Мағжан мәселелерімен байланыстыра қарастырады. Мақалада ғалымның шығармашылығы талданады, ол жөнінде зерттеушілердің пікірлері, көзқарастары көрсетіледі. Ғалым еңбектерін зерттеушілердің ой-пікірлері, мақалалары мен зерттеу еңбектері сараланады.

Сведения

Опубликовано
2022 · № 2, С. 64-73
Язык
Казахский
ISSN
2707-9910 · 2788-7979
Издатель
Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov