ҚАЗАҚ-ТАТАР БАЙЛАНЫСТАРЫ ТАРИХЫНДАҒЫ ТАТАР ӘЙЕЛДЕРІНІҢ ОРНЫ
Қазақ және татар халықтарының әдеби, мәдени байланыстарының тарихы бірнеше ғасырды құрайды. Қазақ-татар абйланыстары туралы айтқанда, татар әйелдерінің қазақ қоғамына тигізген оң ықпалы туралы арнайы тоқталмау мүмкін емес. Біз зерттеу жұмысымызда осы мәселеге арнайы қарастыруды жөн көрдік. Әдеби және мәдени аспектілерде алып қарастырғанда, көптеген татар аналардың арасынан бірнешеуіне нақты тоқталу қажет деп табылды. Татар әйелдерінің қазақ қоғамындағы орны туралы анрайы қарастырудың негіздемесі қалай пайда болды? Бұл сұрақ жөнінде айтарымыз мынау: ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Патшалық Ресейдің Қазақстанға ықпалы күшейе түсті. Осыған орай, түрлі факторлардың әсерінен татарлардың қазақ жеріне миграциясы күшейді. Сондай-ақ діні, тілі, шығу тегі бір болған себепті қазақ пен татар ұлты адамдары арасында некелесу деңгейі арта түсті. Осыған байланысты, қазақтың көрнекті тұлғаларының жарлары татар ұлтынан болды. Мақаланың кіріспе бөлігінде осы және басқа мәселелер қарастырылды. Атап айтқанда, түркілік мұсылман әлеміндегі әйел теңдігі мәселесі, түркі қоғамындағы әйелдердің бостандығы қарастырылды. Мақаланың негізгі бөлімінде қазақ қоғапмында өзінің өнегелі ісімен есте қалған татар әйелдерінің әдеби, тарихи бейнесі туралы пікірлер айтылды, мәліметтер мен фактілер негізінде тұжырымдар жасалды. Мақаланың қорытынды бөлімінде қазақ әдебиеті, мәдениеті тарихына қосқан зор үлесі үшін ұлтымыздың ардақты тұлғаларына айналған татар аналардың еңбегін, жарқын тұлғасын ұмытпай, жадымызда жаңғыртып отыру керек екендігі туралы тұжырымдалған.
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · № 2, С. 43-54
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2707-9910 · 2788-7979
- Издатель
- Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov