Central AsianResearch Index

СӨЗ ЭТИКЕТІНІҢ ТІЛДІК ҚАТЫНАСТАҒЫ ҚЫЗМЕТІ

Тіл білімінде сөз этикетінің қызметіне қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізген А.Қобыланова, Н.Уәлиұлы, А.Сейсенова т.б. ғалымдардың пікір-тұжырымдары мен еңбектері мақаланың негізгі дереккөзіне айналған. Авторлар бүгінгі уақытта қарым-қатынас моделін құруға қажетті өзекті мәселелерді қозғап отыр. Адамдар арасында байланыс орнату үшін, сонымен бірге сол байланысты жалғастыру үшін этикет сөздердің қызметін, қолданылу орнын білу керек. Жазушылардың этикет сөздерін қолдануына қарай шығарма кейіпкерлерінің әлеуметтік мәртебесін, жасын, қызмет орнын көре аламыз. Осы арқылы сөз этикетінің қызметі арқылы қарым-қатынасын барысын нақтылауға, әңгіменің ары қарай қалай өрбитіндігін нақты мысалдар арқылы көрсете аламыз. Этикет сөз бірліктерінің халық өмірімен, мәдениетімен тығыз байланысты екені дәлелденеді. Зерттеуде баяндау әдісі, ғылыми теориялық тұжырымдарға сүйене отырып талдау, сипаттау әдістері қолданылды. Мақаланың ғылыми жаңалығы: қазақ тіліндегі сөйлеу этикетінің жасалу жолдары көрсетілді және көркем шығармалардан алынған мысалдар арқылы негізгі қызметтеріне тоқталып, психолингвистикалық аспектілері анықталды. Мақаланың негізгі зерттеу аспектісі сөз этикетінің тілдік қатынастағы қызметтерін анықтау болып табылады, дәлелді болуы үшін көркем шығармалардан мысалдар келтірілді.

Сведения

Опубликовано
2022 · № 2, С. 35-42
Язык
Казахский
ISSN
2707-9910 · 2788-7979
Издатель
Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov