БАСТАУЫШ СЫНЫПТА АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ЕРТЕГІЛЕРДІ ЛЕКСИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНУ
Мақалада жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарында ағылшын тілінің лексикасын оқытудың әдіснамасы негізделіп, лексикамен жұмыс істеудің ерекшеліктері зерттелді. Ғалым-әдіскерлер мен практиктердің қолданатын заманауи тиімді әдіс-тәсілдерін саралап, сұрыптадық. Бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілі сабақтарында лексиканы оқытудың тиімді әдісі ретінде ертегі мәтіндері ұсынылды. Балалар фольклоры, оның ішінде ертегілер танымдық ақпаратпен қоса, эстетикалық ақпаратты да жеткізеді. Аталған зерттеу жұмысының мақсаты ‒ бастауыш мектепте ағылшын тілі сабақтарында ертегі мәтіндері арқылы лексиканы игертуге бағытталған тиімді тапсырмалар кешенін ұсыну. Діттеген мақсатымызға жету үшін ағылшын тілі сабақтарында лексиканы оқытудың әдіснамалық негіздерін қарастырып, лексиканы оқыту ерекшеліктеріне талдау жүргізілді. Лексиканы оқытуда қандай жұмыс түрлері жүргізілетінін көрсету үшін тапсырмалардың түрлері ұсынылды. Аталмыш зерттеу жұмысының нысаны ретінде ағылшын тілі сабағында лексиканы оқытуда ертегілердің әсері және оқушылардың лексикалық құзыреттілігінің даму динамикасы болып табылады. Зерттеудің пәні ретінде бастауыш сынып оқушылары арасында лексиканы оқытуда ертегілерді қолданудың ерекшеліктері қарастырылып отыр.
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · № 2, С. 102-111
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2707-9910 · 2788-7979
- Издатель
- Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov