Central AsianResearch Index

А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСТАНЫМДАРЫ

Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану, оны оқыту әдістемесі ғылымында Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми еңбектерінің маңызы қарастырылды. Ахмет Байтұрсынұлының ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде айтқан әдістемелік ой пікірлерінің ХХI ғасырдағы жаңартылған білім мазмұны бойынша білім беруде өзінің өзектілігімен құнды екені сараланды. Ғалым ой-пікірлерінің ұлттық руханиятпен тығыз байланыстылығымен алға шыққаны, өміршеңдігі мәселелері жан-жақты зерделенді. Бүгінгі заман талабына сай кең қолданыс тапқан жаңа оқыту технологияларының негізі ХХ ғасыр басындағы А.Байтұрсынұлының еңбектерінен бастау алатыны талданды. Ғалымның әдістемелік ой тұжырымдары мен әдіс-тәсілдері қазіргі оқыту талабымен үндесетіндігі дәлелденді. А.Байтұрсыновтың ХХ ғасырдың басында алғаш рет сауат ашу оқулықтары, оқыту әдістемесі туралы жазған ғылыми еңбектері жіктелді. Ғалымның ғылыми еңбектеріндегі әдістеме заңдылықтары мен ұстанымдары ашылды.

Сведения

Опубликовано
2022 · № 1, С. 120-125
Язык
Казахский
ISSN
2707-9910 · 2788-7979
Издатель
Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov