Central AsianResearch Index

ЖОВАННИ БОККАЧЧОНЫҢ «ДЕКАМЕРОН» НОВЕЛЛАЛАР ЖИНАҒЫ

Мақала итальян әдебиетіндегі Жованни Боккаччоның «Декамерон» новеллалар жинағының маңызын пайымдауға арналған. Қайта өрлеу дәуіріндегі итальян әдебиеті Жованни Боккаччо новеллаларының мысалында қарастырылады. Новеллалар жинағы авторының сол дәуірде «назарға лайық емес» деп келген заманагөй новелла жанрын жоғары даму сатысына көтергендігі, оның реалистік және демократиялық бағытының айқындығы нақты мысалдар арқылы талданады. «Декамерон» жинағына енген новеллалардың идеялық бағытын, кейіпкерлерді суреттеудегі қаламгер шеберлігін, өзіне тән ерекшеліктерін саралау арқылы сол кезең әдебиетіндегі жазушының өзіне тән қасиеттерін жоққа шығаратын, хикаялардағы халықшылдық рухқа және реалистік дамуға кедергі болған, табиғат пен адамның қадір-қасиетіне дұшпан, шынайы өмірді мойындамайтын діни-аскетизм саясатына қарсы сыни көзқарасты бағалауға талпыныс жасалады. Мақалада сонымен қатар Жованни Боккаччоның «Декамерон» жинағының өзінен кейінгі әдебиетке тигізген әсері де пайымдалған.

Сведения

Опубликовано
2022 · № 1, С. 52-58
Язык
Казахский
ISSN
2707-9910 · 2788-7979
Издатель
Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov