Central AsianResearch Index

КOНЦEПТ – КOГНИТИВТIК ЛИНГВИCТИКAНЫҢ НEГIЗГI БIРЛIГI

Бұл мақалада концепт ұғымы және оның тіл біліміндегі рөлі, қазақ тіліндегі және жалпы тіл біліміндегі еңбектерде ғалымдардың концептілік ұғымдарға әр түрлі талдау жасауы жайында беріліп, қазіргі концепт түрлеріне байланысты тіл мамандарының жаңа классификациясына шолу жасалады. Когнитивтік тіл білімінің негізгі категорияларының бірі саналатын концепт ұғымы қазіргі қазақ тіл ғылымында тереңінен зерттеліп, тіпті лингвистика саласында жаңаша мазмұнға ие болды. Концепт – лингвистикалық категория. Бірақ басқа лингвисткалық терминдермен балама қолдануға келмейді. Концепт когнитивтік тіл білімінің басты термині ретінде қарала бастағаннан-ақ мағына мен ұғым, лингвомәдени бірлік терминдерімен ауыстыра қолдану жағдайы кездесе бастады. Зерттеушілер ең алдымен осы ұғымдардың ара-жігін ажыратып көрсеткенді жөн көреді. Концепт ұғымы қазіргі тіл білімінде ХХ ғасырдан бастап белсенді қызмет атқара бастады. Концепт – идея, оның ішінде абстракты, нағыз-ассоциативті және эмоционалды-бағалы белгілер болып табылады.

Сведения

Опубликовано
2022 · № 1, С. 36-42
Язык
Кыргызский
ISSN
2707-9910 · 2788-7979
Издатель
Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov