Central AsianResearch Index

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТАРИХИ БАСТАУЫ-«МҮНИӘТҮЛ-ҒУЗАТ»

Мақаламызда көне мәмлүк – қыпшақ тілінде жазылған кітаптардың бірі “Мүниәтул-ғузат” шығармасына талдау жасаймыз.“Мүниәтул-ғузат” кітабында түркі тіліне аударма болғандықтан байырға түркі сөздері қолданылған. Бұл кітап негізінде әскерлерге соғыс өнерін үйрету мақсатында жазылғандықтан шығарманың тілі – қарапайым, әрі нақты, тілді көркем, бейнелі қолдануды қажет етпеген. Негізгі сөздік қор соғыс техникасына қатысты терминдер, сол кезде соғыста қолданылған қару-жарақ атауларынан тұрады. Біз үшін бұл шығарма сол кезеңдегі ауыз екі тілдің қандай болғаны жөнінде мағлұмат беретін тарихи бастау болуымен құнды. Қазақ тілінің тарихи бастау көздерінің бірі ретінде қарауымызға толық негіз бар. Бұл еңбектер түркі тілдерінің типологиялық ерекшеліктері, дыбыстық құрамы, олардың шығу тарихы мен даму эволюциясы, семантикалық табиғатымен, тілдегі қолданылуы жайында зерттеулерімізге негіз болатын шығарма. Түркі тілдеріне тән түбір сөздердің табиғаты жөнінде мәлімет көзі болатын жәдігер. Қазіргі қазақ тілімізде қолданылып жүрген тіл байлығымыздың негізін құрайтын сөздердің байырғы түбірлердің негізгі ұйытқысы, қайнар көзі болып табылатын базистік лексиканың табиғаты туралы сыр шертеді. Халықтың ұзақ тарихи дамуының бірден-бір куәгері, материальдық және рухани байлығының айнасы болып саналатын маңызды шығармалардың бірі. Қазақ тілінің жүріп өткен ұзын тарихи жолы мен қат-қабат сырын ашуға көмектесетін еңбек екендігі мысалдармен беріледі.

Сведения

Опубликовано
2022 · № 1, С. 4-12
Язык
Казахский
ISSN
2707-9910 · 2788-7979
Издатель
Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov