Mechanics and Technologies, 2024, № 1, с. 239-245
STUDYING THE EFFECT OF TEMPERATURE ON THE VISCOSITY OF SOAP SOLUTION IN WATER
Судағы сабын ерітіндісінің тұтқырлығына температураның әсерін зерттеу
Аннотация · Abstract
Мақалада судағы сабын ертіндісінің динамикалық, кинематикалық тұтқырлық коэффициенттеріне қалыпты қысымда температураның әсері зерттелген эксперименталды өлшеу жұмыстарын жүргізу мақсатында классикалық Стокс әдісіне негізделген қорғасын шардың ауырлық күшінің әсерінен құлап, жүріп өткен жолына кеткен уақыт пен зерттеліп отырған үлгінің температурасы автоматтандырылған қондырғының көмегімен өлшенді. Жинастырылған қондырғы (300-360)°К температура аралығында динамикалық тұтқырлық коэффициентінің температураға тәуелділігі белгілі глицеринді зерттеу арқылы сынақтан өткізілді. Экспериментальді өлшеулер және физикадан белгілі заңдылықтар мен формулаларды қолданып, судағы 25% сабын ерітіндісінен динамикалық және кинематикалық тұтқырлық коэффициенттері алғаш рет көрсетілген температура аралығында зерттелді. Зерттеу барысында өлшенген параметрлердің бір-біріне тәуелділіктері кестелер мен графиктер арқылы өрнектеліп, алынған нәтижелер теориялық тұрғыдан жан-жақты талқыланып, практикалық маңыздылығына назар аударылған.
Сведения · Details
- DOI 10.55956/zamq1141
- Журнал · Journal Mechanics and Technologies
- Язык · Language английский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0