Central Asian Research Index

Mechanics and Technologies, 2026, № 3, с. 467-477

OPTIMIZATION OF ELASTOMERIC COMPOSITE FORMULATIONS WITH SHUNGITE FOR SEALING ELEMENTS OF VULKANIZATION UNITS

ВУЛКАНИЗАЦИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТАРДЫҢ ТЫҒЫЗДАУШЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ШУНГИТ ҚОСЫЛҒАН ЭЛАСТОМЕРЛІК КОМПОЗИЦИЯЛАРДЫҢ РЕЦЕПТУРАЛАРЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ

Г.Ж. Мамытова,, Г.Е. Калымбетов

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіШымкент, Қазақстан

Аннотация · Abstract

Мақалада Көксу кен орнының шунгитін бутилкаучук негізіндегі резеңке қоспаларға минералды толықтырғыш ретінде қолданудың тиімділігі зерттелді. Зерттеудің мақсаты –вулкандаушы жабдықтың герметикалық тығыздағыштарына арналған резеңке қоспалардың құрамында шунгиттің оңтайлы мөлшерін анықтау және оның материалдың пайдалану қасиеттеріне әсерін бағалау. Шунгиттің физика-химиялық қасиеттері рентгендік-құрылымдық талдау және электрондық микроскопия әдістерімен зерттелді. Вулкандаушы жабдықтың герметикалық тығыздағыштарын өндіруге арналған резеңке қоспалардың рецептуралары әзірленіп, эксперименттік зерттеулер жүргізілді. Шунгит мөлшері артқан сайын салыстырмалы ұзарудың жоғарылауы, ал созғандағы беріктіктің төмендеу үрдісі анықталды. Каучуктың 100 масс.б. шаққанда шунгиттің 15 масс.б. мөлшері резеңкенің физика-механикалық көрсеткіштерінің оңтайлы үйлесімін қамтамасыз етті. Шунгитті қолдану резеңке қоспалардың иілімділігін, қайта өңделуін және ыстыққа төзімділігін жақсартуға мүмкіндік береді. Жоғары температура жағдайында шунгитті қолдану резеңкенің икемділігін және тығыздау функцияларын сақтауға ықпал ететіні атап өтілді. Сонымен қатар, шунгитті көміртекті және күйе негізіндегі толықтырғыштардың бір бөлігін алмастыру үшін пайдалану ресурстық және экологиялық тұрғыдан тиімді.

Сведения · Details