Central Asian Research Index

Mechanics and Technologies, 2021, № 2, с. 15-20

EFFECT OF DIETARY FIBER ON THE QUALITY OF RYE BREAD

ҚАРА БИДАЙ-БИДАЙ НАНЫНЫҢ САПАСЫНА ТАҒАМДЫҚ ТАЛШЫҚТЫҢ ӘСЕР ЕТУІ

З.Н. Молдақұлова, М.П. Байысбаева, Қ.С. Қойланов

Аннотация · Abstract

Мақалада қосымша шикізат ретінде күріш қауызынан алынған тағамдық талшықтың қара бидай-бидай нанының сапасына және тағамдық құндылығына әсер етуін анықтау бағытында зерттеу жүргізілген. Зерттеу барысында тағамдық талшықтың қара бидай-бидай нанының органолептикалық және физикалық-химиялық қасиетіне әсер етуі анықталып, сапасы стандарттық талаптарға сай нұсқа таңдалды. Қара бидай-бидай ұнына 0,5% тағамдық талшық қосылған дайын нанның химиялық құрамы анықталып, сынама нанда бақылаумен салыстырғанда клетчаткасы 4,3 есеге артатынын, сонымен қатар В дәрумен тобының, кейбір аминқышқылының жоғарылайтыны, көмірсулардың төмендейтіні көрсетілді.

Сведения · Details