Central Asian Research Index

Mechanics and Technologies, 2026, № 3, с. 71-83

DEVELOPMENT OF A TECHNOLOGY FOR THE PRODUCTION OF SWEET BAKERY PRODUCTS USING WHOLE WHEAT FLOUR

БҮТІН ДӘНДІ БИДАЙ ҰНЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ТӘТТІ НАН ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАУ

Б.Е. Солтыбаева, А.С. Боранкулова, А.С. Умирбекова, П.М. Маликтаева, А. Нысан

М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Тараз, Қазақстан
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық иституты, Тараз, Қазақстан

Аннотация · Abstract

Мақалада тұтас дәнді бидай ұнын пайдалану арқылы функционалдық бағыттағы тәтті нан тоқаш өнімін өндіру технологиясын ғылыми негіздеу және оның сапа көрсеткіштеріне әсерін эксперименттік тұрғыдан бағалау нәтижелері ұсынылған. Зерттеу барысында тұтас дәнді бидай ұнының әртүрлі мөлшерде енгізілуінің ұнның наубайханалық қасиеттеріне, қамырдың физико-химиялық және құрылымдық механикалық сипаттамаларына, дайын өнімнің сапа көрсеткіштеріне әсері зерттелді. Зерттеу нәтижесінде тұтас дәнді бидай ұны қосылған «Сезім»тәтті нан өнімінің жаңа рецептурасы әзірленіп, оны өңдірудің тиімді технологиялық параметрлері ұсынылды. Ұсынылған технология функционалдық қасиеттері жоғары, тағамдық талшықтармен, минералды заттармен байытылған тәтті нан тоқаш өнімдерінің ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл нәтижелер тұтас дәнді бидай ұнын функционалдық нан өнімдерін өндіруде қолданудың технологиялық тиімділігін көрсетеді.

Сведения · Details