Central Asian Research Index

Mechanics and Technologies, 2024, № 1, с. 83-89

STRUCTURAL FIBROPEN CONCRETE USING ASH AND SLAG MIXTURE

Күл-қож қоспалы конструкциялық фиброкөбікбетон

А.А. Сағындықов, Ж.Е. Ескермесов, А.О. Меирманов, Ә.Ғ. Қарқымбаев

Аннотация · Abstract

Автоклавты емес фиброкөбікбетонға арналған шикізат материалдары I 42,5 Н ЦЕМ портландцементі, күл-қож қоспасы, ПБ-2012 көбіктендіргіші, полипропилен талшықтары болып таңдалды. Полипропилен талшығының мөлшерінің шөгу көрсеткішіне, иілу және сығылғандағы беріктігіне әсері зерттелді. Орташа тығыздығы 1144-1160 кг/м3 , сығылу беріктігі 4,7-5,1 МПа, иілу беріктігі 2,5-2,8 МПа болатын құрылымдық фиброкөбікбетон алынды. Автоклавсыз фиброкөбікбетонның шикізат құрамына полипропилен талшығын енгізу шөгу деформациясының 16-23% төмендеуіне әкеледі. Құрамында көлемі бойынша 0,1-0,3% мөлшерінде полипропилен талшығы бар үлгінің 1,3-1,4 мм/м-ге тең ең шөгу деформацияларымен сипатталады.

Сведения · Details