Mechanics and Technologies, 2026, № 1, с. 119-124
APPLICATION OF PROTEIN CORN PASTE IN THE PRODUCTION OF FLOUR-BASED CONFECTIONERY PRODUCTS
ҰННАН ЖАСАЛҒАН КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕР ӨНДІРІСІНДЕ АҚУЫЗДЫ ЖҮГЕРІ ПАСТАСЫН ҚОЛДАНУ
Тараз университеті,Тараз, КазақстанШерхан Мұртаза атындағы Халықаралық
Аннотация · Abstract
Мақалада созылмалы печеньелер өндірісінде печеньені жүгері крахмалы өндірісінің қалдық өнімі болып табылатын, ақуызды жүгері пастасымен байыту мүмкіндігі зерттелді. Эксперименттік мәліметтерді компьютерде өңдеу нәтижесінде созылмалы печеньенің сапалық көрсеткіштерін жоғарылататын ақуызды жүгері пастасының оңтайлы мөлшері анықталды.Жұмыста қамырдың салмағына байланысты құрамына 0, 3,5, 7 және 10,5% паста қосылған үлгілер алынды.Құрамында 10,5% паста қоспасы бар печеньелердің құрылымы қабатталған, беттері тегіс емес, жарықтары бар және кеуектілігі біркелкі емес. Сондықтан, созылмалы қамырды өндіру кезінде қосылатын пастаның мөлшері 7%-дан аспауы керек. Жүргізілген зерттеулер бойынша паста қосылған печеньедегі ақуыздың аминқышқылдық құрамының талдауы, қосылатын пастаның мөлшері жоғарылаған сайын печеньенің биологиялық құндылығы алмастырылмайтын амин қышқылдарының жоғарылауына байланысты арта түсетінін көрсетті.
Сведения · Details
- DOI 10.55956/wgbn4728
- Журнал · Journal Mechanics and Technologies
- Язык · Language английский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0