Mechanics and Technologies, 2026, № 3, с. 401-410
CHEMICAL TECHNOLOGY OF SUPERABSORBENT HYDROGELS BASED ON NATURAL COMPONENTS
ТАБИҒИ КОМПОНЕНТТЕРГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН СУПЕРСІҢІРГІШ ГИДРОГЕЛЬДЕР ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіШымкент, Қазақстан
Аннотация · Abstract
Бұл мақалада табиғи компоненттерге негізделген суперсіңіргіш гидрогельдердің химиялық технологиясы зерттелген. Зерттеу нысаны крахмал, акриламид және каолин негізінде синтезделген композиттік гидрогельдер болды. Крахмал биоыдырайтын полимерлік матрица ретінде қолданылса, акриламид гидрофильдік қасиеттерді және ісінудәрежесін арттыру үшін енгізілді. Қабатты алюмосиликатты минерал каолин гидрогель құрылымының механикалық беріктігін және термиялық тұрақтылығын жақсартатын бейорганикалық толтырғыш ретінде қолданылды. Инициатор мен айқастырып тігуші агент концентрациясының гидрогельдің ісіну дәрежесіне әсері зерттелді. Эксперименттік деректер инициатор концентрациясы 0,8–1,0 масс.% болғанда гидрогельдің ісіну дәрежесі жоғары мәнге жететінін көрсетті. Бұл құбылыс бос радикалдардың түзілу қарқындылығының артуымен және полимер тізбектерінің тиімді қалыптасуымен түсіндіріледі. Инициатор мөлшерінің шамадан тыс артуы торлы құрылымның тығыздалуына және ісіну қабілетінің төмендеуіне әкеледі. Инициатор мөлшері 1 масс.% болған жағдайда гидрогельдің су сіңіру қабілеті 890 г/г құрады.NaCl концентрациясының артуы гидрогельдің су сіңіру қабілетін төмендетті. Композиттік гидрогельдің элементтік құрамы энергия-дисперсиялық рентгендік спектроскопия әдісімен анықталып, органикалық полимер матрицасының қалыптасқаны дәлелденді. Алынған гидрогельдер экологиялық қауіпсіз және ауыл шаруашылығында перспективалы материалдар болып табылады
Сведения · Details
- DOI 10.55956/uwjq4973
- Журнал · Journal Mechanics and Technologies
- Язык · Language английский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0