Central Asian Research Index

Mechanics and Technologies, 2025, № 3, с. 234-245

MATHEMATICAL MODELLING OF THE FIRE-RESISTANT PROPERTIES OF MODIFIED POLYPROPYLENE YARN DEPENDING ON ITS COMPOSITION FOR CARPETAbstract.This article presents the results of mathematical modeling aimed at studying the fire-resistant properties of modified polypropylene yarn used in the production of carpet products. The quantitative ratio of various additives in the yarn

КІЛЕМ БҰЙМДАРҒА АРНАЛҒАН МОДИФИКАЦИЯЛАНҒАН ПОЛИПРОПИЛЕН ЖІБІНІҢ ҚҰРАМЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ОТҚА ТӨЗІМДІЛІК ҚАСИЕТТЕРІНІҢМАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУІ

Г.С. Кенжибаева, М.Т. Сихимбаева

Аннотация · Abstract

Бұл мақалада кілемдік бұйымдар өндірісінде қолданылатын модификацияланған полипропилен жібінің отқа төзімділік қасиеттерін зерттеуге бағытталған математикалық модельдеу нәтижелері ұсынылады. Жіп құрамындағы әртүрлі қоспалардың (антипирендер, тұрақтандырғыштар, толтырғыштар және т.б.) мөлшерлік арақатынасы мен олардың материалдың отқа төзімділігіне әсері жан-жақты қарастырылды.Зерттеу барысында алынған эксперименттік мәліметтер негізінде көпфакторлы регрессиялық модель құрылды. Бұл модель жіптің отқа төзімділік қасиеттерін алдын ала болжауға және құрамын оңтайландыру арқылы қажетті сапалық көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндікбереді. Математикалық модельдің көмегімен өндірістік процестерді тиімді басқару және жаңа композициялық материалдарды жасау жолдары ұсынылады. Ұсынылған тәсіл полипропилен негізіндегі жіптердің сапасын арттыруға, олардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге және заманауи кілем өндірісіндегі инновациялық материалдар қатарын кеңейтуге ықпал етеді.

Сведения · Details