Mechanics and Technologies, 2026, № 2, с. 147-160
SCIENTIFIC BASIS OF GLUTEN-FREE BREAD WITH ALOW GLYCEMIC INDEX
ГЛЮТЕНСІЗ, ГЛИКЕМИЯЛЫҚ ИНДЕКСІ ТӨМЕН НАН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ӘЗІРЛЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
Алматы Технологиялық университеті,Алматы, Қазақстан
Аннотация · Abstract
Глютенсіз диета мен целиак ауруы бидай, қара бидай және арпа құрамында кездесетін ақуыз –глютенге төзбеушілікпен байланысты. Целиак ауруы –иммундық жүйенің глютенге патологиялық жауап беруімен сипатталатын және аш ішектің шырышты қабатын зақымдайтын ауру. Осы себепті қоректік заттардың сіңуі нашарлайды және іштің ауыруы, әлсіздік, дене салмағының төмендеуі сияқты клиникалық белгілер пайда болады. Целиак ауруын емдеудің негізгі және жалғыз тиімді әдісі –құрамында глютені бар тағамдарды толығымен алып тастауға негізделген қатаң глютенсіз диетаны ұстану қарастырылды. Мұндай диета ішектің құрылымы мен қызметін қалпына келтіруге, сондай-ақ науқастың жалпы жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта глютенсіз диета целиак ауруы бар адамдар арасында ғана емес, сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстанатын тұтынушылар арасында да танымал болып келеді
Сведения · Details
- DOI 10.55956/tuuh3950
- Журнал · Journal Mechanics and Technologies
- Язык · Language английский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0