Mechanics and Technologies, 2025, № 4, с. 195-203
GEOTECHNICAL CHARACTERISTICS OF SOILS AFFECTING THE SEISMIC RESISTANCE OF SLOPES
ЕҢІСТЕРДІҢ СЕЙСМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ТОПЫРАҚТЫҢ ГЕОТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Аннотация · Abstract
Мақалада еңістер мен үйінді құрылыстарының сейсмотұрақтылығына тікелей әсер ететін грунттардың геотехникалық сипаттамалары қарастырылған. Жер сілкінісі кезіндегі динамикалық жүктемелер жағдайында грунттардың гранулометриялық құрамы, ылғалдылығы, кеуектілік коэффициенті, үйкеліс бұрышы, жабысу күші және деформация модулі сияқты негізгі параметрлердің өзгеру ерекшеліктері талданды. Далалық (SPT, CPT, SCPT) және зертханалық (циклдік үшосьты, ығысу, резонанстық баған әдісі) сынақтар арқылы грунттардың беріктік және сүзгіштік қасиеттерінің деградациясы анықталды. Сандық модельдеу әдістерін (қалыпты тепе-теңдік әдісі, Ньюмарк әдісі, ақырлы элементтер моделі) және ықтималдық тәсілдерін (Монте-Карло симуляциясы) қолдану арқылы тұрақтылық коэффициентінің Fs шекті мәндерге дейін төмендеу шарттары айқындалды. Зерттеу нәтижелері инженерлік тәжірибеде грунттардың қасиеттерін кешенді ескерудің маңыздылығын дәлелдеп, сейсмотұрақты құрылымдарды жобалау және нормативтік талаптарды жетілдіру үшін қолданылуы мүмкін.
Сведения · Details
- DOI 10.55956/titr3459
- Журнал · Journal Mechanics and Technologies
- Язык · Language английский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0